Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан нарығына Chevrolet Spark оралады

kolesa.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2021 18:39 kolesa.kz
Хетчбэктің бағасы Nexia мен Cobalt-тан қымбат болады.

Бірыңғай реестрден Қостанайда құрастырылатын Chevrolet Spark моделіне тиесілі көлік құралының типін мақұлдайтын құжат табылды. Ол 2021 жылы қаңтарда күшіне енген, дейді kolesa.kz.

Автокөлік тек бір қозғалтқышпен шығарылады (1,2 литрлік B12D2). Агрегат 85 ат күшін береді және автоматпен жұптасады. Қосымша жабдықтар тізіміне айна жылытқыш, климат бақылау жүйесі және электрлі әйнек көтергіш кіреді.

Модельдің нақты қай уақытта сатыла бастайтыны белгісіз. Бірақ көлік биыл II тоқсанда оралуы мүмкін. Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, Spark Chevrolet Nexia мен Cobalt-қа қарағанда қымбат болады.

Айта кетерлігі, өңі өзгерген "Спарк" саналатын R2-ге қатысты осыған ұқсас жағдай болған. "Равон" жеткізуде мәселе туындап, кейін 2019 жылы шілдеде хетчбэк біздің нарыққа оралғанда, бағасы Nexia R3-тен қымбат болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: