Жаңалықтар тізбегі
0

Кітапханашы қызметін қауіпті жұмыс қатарына қосу ұсынылды

Алматы қаласының әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2021 18:11 Алматы қаласының әкімдігі
Еңбек кодексіне сәйкес жеңілдіктер мен үстемақы қосу жөніндегі талаптары орынды деп ойлаймыз.

Сенаттың жалпы отырысында сенатор Динар Нөкетаева әлеуметтік саладағы бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның сөзінше, жыл сайын жаңа мектептер салуға бюджеттен қомақты қаржы бөлінгенімен, мектептерге деген тапшылық азаяр емес, сондықтан көптеген мектептерде сыныптар саны әліпби әріптерінің жартысынан асты.

– Астанамыздың іргесіндегі Қосшы қаласында №2 орта мектепте 1 «ы» сыныбы ашылған. Бұған тағы бір айқын мысал, Елордамыздағы 1200 оқушыға арналған №59 мектеп-лицейінде нормативтен үш еседен артық жүктеме орын алып, 4100 жас жеткіншектер оқуда. Маңғыстау облысында 15 мемлекеттік жалпы білім беру ұйымы үш ауысымдық режимде жұмыс істейді. Осындай мектепке деген тапшылық орын алып отырғанда, 2019 жылы Ақтөбе облысының Шилісай ауылында 1,4 млрд теңгеге салынған 680 орындық мектеп бос тұр. Себебі құрылыс кезеңінде мектепке су құбырын және коммуникацияларды өткізуді ұмытып кеткен. Ал Шилісайдың жүзге тарта оқушысы көрші ауылға барып оқуда. Бұл бір ғана мысал, – деді сенатор.

Ол мектеп салуға бөлінген қомақты қаражатты қадағалаудың жоқтығына тоқталды.

– Үкімет еліміз бойынша мектеп орны санына нақты қажеттілікті талдап, жоспарлауда жүйелілікті сақтап, бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол бермей, бос тұрған мектептерді толтыру және шамадан тыс жүктелуді шешуі тиіс. Бұл өзекті мәселені шешуде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмдеріне басымдық беріп, жеке инвесторлардың қаражаты есебінен мектеп салу үрдісіне кең қолдау көрсетуі қажет деп санаймыз, – деді.

Сонымен қатар, кітапханашы мен мұрағатшы қызметтері үшін Еңбек кодексіне сәйкес жеңілдіктер мен үстемақы қосу мәселесі көтерілді.

– Бізге жиі қойылатын тағы бір мәселе, кітапханашы, мұрағатшы қызметін «еңбек жағдайлары зиянды немесе қауіпті жұмыстардың тізбесіне қосу» болып отыр. Қызметкерлер күн сайын қағаз шаңы ең күшті аллерген, зиянды химиялық заттармен жұмыс істейді. Сондықтан, бұл қызметкерлердің зиянды орындарда жұмыс істегені үшін Еңбек кодексіне сәйкес жеңілдіктер мен үстемақы қосу жөніндегі талаптары орынды деп ойлаймыз, – деп қосты ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: