Қазақстанда Covid-19-дан өлім-жітім саны азайды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2021 15:45 Zakon.kz
Стационарларда 6513 пациент, амбулаториялық деңгейде 24 363 пациент бар.

2021 жылдың 19 қарашасында ҚР-да коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 қарашада КВИ-дан 30 876 адам (26 464+ және 4412 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде стационарларда 6513 пациент, амбулаториялық деңгейде 24 363 пациент бар.

КВИ+ және КВИ- мен ауырғандардың ішінде:

  • ауыр халде – 486,
  • аса ауыр халде – 125,
  • ӨЖЖ аппаратында – 88.

2021 жылғы 19 қарашадағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониямен ауыру туралы ақпарат:

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 147 жағдайы тіркелді, төрт адам қайтыс болды және 293 адам жазылып шықты.

2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы:

  • ауырғандар – 81 722,
  • қайтыс болғандар – 5108,
  • жазылғандар– 72 202.

Бақытжан Отарбаева

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: