Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы Алматыдағы екінші жылу электр станциясына барды

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2021 01:13 Ақорда
Президент станция аумағында жаңадан салынатын қуаты 600 МВт болатын бу-газ қондырғысының құрылысына дайындық жұмыстарымен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Айтқали Жақұтов атындағы екінші жылу электр станциясында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент станция аумағында жаңадан салынатын қуаты 600 МВт болатын бу-газ қондырғысының құрылысына дайындық жұмыстарымен танысты, делінген Ақорда хабарламасында.

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Президентке қалалық энергетика кешенін жаңғырту нәтижесінде ауаға тарайтын зиянды қалдықтар 2026 жылға қарай жылына 50,4 мың тоннадан 6,7 мың тоннаға дейін азаятыны туралы мәлімет берді.

Содан кейін энергия кешеніне ауқымды жаңғырту жұмыстарының басталғанын білдіретін естелік капсуласын қоюдың салтанатты рәсімі өтті.

Президент шараға қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде жаңа қондырғының құрылысы бүкіл қалалық энергетика кешенін жаңғырту жұмыстарының басталғанын білдіретінін атап өтті.

Алдағы бес жылда Алматы мен Алматы агломерациясы тұрақты энергиямен және жылумен қамтамасыз етіледі. Белгіленген жоспарды жүзеге асыру тұрғысынан алғанда, Мемлекет басшысының өзі осы капсуланы қалап, тиісті жұмыстарды бастап бергені үлкен жауапкершілік жүктейді, – деді Президент.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2021 01:13

Осыған байланысты Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" қорының төрағасы мен қала басшылығына, сондай-ақ ЖЭО қызметкерлеріне барлық жұмысты мерзімінде және сапалы орындауға шақырды. Сонымен қатар аталған өңір еліміздің негізгі экономикалық орталықтарының бірі болғандықтан, бұл жұмыстардың аса маңызды екенін атап өтті.

Ең бастысы, біз экологияны жақсартып, тұрғындарды таза ауамен қамтамасыз етеміз. Мен үшін бұл аса маңызды. Менің тапсырмам бойынша Үкімет қаланың ауасын тазарту үшін қажетті шараларды қабылдайды деп алматылықтарға уәде бердім. Шын мәнінде, бірнеше жыл бойы қала тұрғындары экологияның ластануынан зардап шегіп келді. Біз бұл мәселені түбегейлі шешуіміз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы жобаның ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жүзеге асырыла бастауының символдық мәні бар екенін айтты.

Бұл бастама Алматының жасыл әрі таза қала деген бұрынғы мәртебесін қайтарып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыратынына сенімдімін, – деді Президент.

Шара соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ЖЭО-2 жұмысшыларымен әңгімелесіп, оларды бүгінгі айтулы оқиғамен құттықтады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: