Жаңалықтар тізбегі
0

Қапшағайлықтар қала атауының Қонаев болып өзгеретініне қалай қарайды

Қапшағай, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 14:09 Сурет: Zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында жаңадан үш облыс құрылатынын айтып, Қапшағайдың атын Қонаев деп өзгертуге қатысты пікір білдірді. Ал қаланың тұрғындары мұндай өзгеріске қалай қарайды? Zakon.kz Қапшағай қаласына арнайы барып, тұрғындармен әңгімелесіп қайтты.

Қапшағай қаласының атын Қонаев деп өзгерту туралы ұсыныстар алғаш рет 2005 жылы айтыла бастады. Қапшағайда еңбек еткен ардагерлер Дінмұхамед Қонаевтың бұл қалаға еңбегі әбден сіңді деп есептейді. Сондықтан да олар өздері тұратын қаланың аты сол кезден-ақ Қонаев болғанын қалады. Алайда бұл бастама сол жылдары жабулы қазан күйінде қалған еді.

Қапшағай, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 14:09

Сурет: Zakon.kz

парк, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 14:09

Сурет: Zakon.kz

Қапшағай халқы 25 жыл бойы Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты ерекше құрметтейді. Мұны қалаға кірген бойда аңғаруға болады. Қапшағайдың орталық алаңына Дінмұхамед Қонаевтың ескерткіші орнатылған.

ескерткіш, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 14:09

Сурет: Zakon.kz

ескерткіш, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 14:09

Сурет: Zakon.kz

Дәл сол маңдағы қала тұрғындары серуендейтін аллея да Қонаевтың атында. Ескерткіш ардақты тұлғаны ел есінде қалдыру мақсатында 1998 жылы орнатылған. Кейін қаланың 35 жылдығына орай қалпына келтірілді. Ескерткіштің биіктігі – 4 метр. Қала тұрғындары осы аллеяға келіп, жақындарымен кездескенді, серуендегенді ұнатады екен.

аллея, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 14:09

Сурет: Zakon.kz

Бұған қоса Қапшағайда Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектептің алдында да қоғам қайраткерінің бюсті бар.

мектеп, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 14:09

Сурет: Zakon.kz

бюст, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 14:09

Сурет: Zakon.kz

Қала тұрғындары президент Қазақстан халқына жолдауында Қапшағай қаласының атын Қонаев атына беру туралы айтқанын біледі. Қапшағайлықтар мұндай ұсынысты бұрыннан айтып жүргенін, қос қолдап қолдайтынын жеткізді.

Қапшағай, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 14:09

Сурет: Zakon.kz

Жолдауда осы мәселе көтерілгенде қатты қуандық. Қала тұрғындары сол күні той болғандай мәз болды. Қалаға Қонаевтай тұлғаның атын беру 10 жылдан бері арманымыз еді. Өйткені ол кісінің бұл қалаға сіңірген еңбегі зор. Тіпті Дінмұхамед Қонаевтың інісі де 100 жылдық мерейтойында қаламызға келіп, Қапшағайды Қонаев деп атауды сұраған еді. Осы оқиғалардың бәріне куә болған адамдармыз.Қапшағай қаласының тұрғыны Шолпан Рүстемова

Шолпан Рүстемова, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 14:09

Сурет: Zakon.kz

Дегенмен қала тұрғындары Қапшағайды Қонаев деп емес, басқаша атауды ұсынып отыр. Марат Данияровтың айтуынша, Кеңес одағынан қалған «ев, ов» жалғауларынан арылуымыз керек.

Қалаға Дінмұхамед Қонаевтың атын беруге қарсы емеспін, керісінше қос қолдап қолдаймын. Бірақ Қонаев деген фамилияның өзін алсақ, «ев, ов» жалғаулары орысшадан алынған. Осы жағын өзгертуді сұраймын. Егер қаланы Қонаев емес, Дінмұхамед деп атасақ, исламданған жердің атауы сияқты болып кетуі мүмкін. Ал ол кісіні халық жақын тартып Димаш деп атаған. Қапшағайды да Димаш деп өзгертуді қолдар едім.Қапшағай қаласының тұрғыны Марат Данияров

Марат Данияров, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 14:09

Сурет: Zakon.kz

Марат Данияровтың сөзін жерлесі Қайрат аға да қолдап отыр.

Қапшағайды үзілді-кесілді Қонаев деп өзгерте салуға болмайды. «Ев, ов» Кеңес одағынан қалған жалғаулар ғой. Сондықтан қаланы Димаш деп атаған дұрыс болатын шығар. Оның үстіне «Қапшағай» сөзі білуімше қазақша сөз емес, қалмақтың батырының аты. Бұрын осы маңда жоңғарлардың батырын өлтірген деседі.Қапшағай қаласының тұрғыны Қайрат

Қайрат, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 14:09

Сурет: Zakon.kz

Алайда Қапшағайдың кейбір тұрғыны туған жерін Қапшағай деп атағанға үйреніп қалғанын айтып, қаланың бұрынғы атауын қалдырған дұрыс деп есептейді. Мәселен, Нұрсұлтан есімді жігіт бұл жерді бала кезден Қапшағай атап кеткендіктен, дәл осылай қалғанын қалайды. Дегенмен олар биліктегілердің шешімін күтеді.

Қапшағай деп жүргенге үйреніп қалдық. Меніңше, қаламыздың аты Қапшағай болып қала берсе, дұрыс болар еді. Бірақ биліктегілер не айтады, соны көреміз ғой.Қала тұрғыны Нұрсұлтан

Қапшағай, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 14:09

Сурет: Zakon.kz

Қапшағайлықтар қаланың облыс орталығы болатынына да қарсы емес. Олардың айтуынша, Қапшағай облыс орталығы болса, жастарға жұмыс та табылар еді.

Қапшағай, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 14:09

Сурет: Zakon.kz

Кеңес одағы кезінде Қазақстанның үш облысын бір-біріне қосып, қысқартқан еді. Алматы мен Талдықорғанды біріктіріп, бір облыс етті, Семейді Шығыс Қазақстан облысына қосып тастады, ал Жезқазғанды Қарағандымен біріктірді. Облыстардың территориясы үлкен болғанынан ол аймақтарға бөлінген қаражат игерілмей қалып жүрді. Енді тағы үш облыс қосылса, онда бюджетті ойдағыдай игере алатын шығар. Қала тұрғыны Қайрат

Қапшағай, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 14:09

Сурет: Zakon.kz

Жастардың біразы жұмыссыз жүр. Көбі Алматыға қатынап жұмыс істейді. Енді өзіміздің қаламызда оқу орындары ашылып, фабрикалар қайта іске қосылады деп жатыр. Жаңалықтарды естіп, қуанып жатырмыз.Шолпан Рүстемова

Қапшағай, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 14:09

Сурет: Zakon.kz

Жазда Қапшағайға адам ағылуына тұрғындар қалай қарайды?

Қала Қапшағай су қоймасымен танымал. Мұнда көбіне ел-жұрт жаздыгүні шомылуға келеді. Су қоймасының жағалауларында тұрғындар кәсібін жүргізеді, келген қонақтарға демалыс орындарын ұсынып, нан табады. Халық көп жиналған күндері су маңы ластанып, ойын-cауықтың түр-түрі өтіп жатады. Дегенмен жергілікті тұрғындар наразы емес. Олардың айтуынша, суға шомылуға келетін халық қалаға кірмейді.

Қапшағай, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 14:09

Сурет: Zakon.kz

Суға түсуге келген жұрт сол су маңында ғана жүреді. Оларға керектің бәрі сол жақта бар. Қаланың ішінде көп жүрмейді. Көпшіліктің Қапшағайға ағылуы бізге кедергі емес.Лариса Валентиновна

Қапшағай, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 14:09

Сурет: Zakon.kz

Қапшағайда үй қымбаттады ма?

Қапшағайда үй қымбаттаған. Тұрғындардың айтуынша, 2-3 жыл бұрын төрт бөлмелі үй 8,5 миллион болса, қазір оның бағасы 16 миллион шамасында. Бірден екі есе көтеріліпті. Үйлер қаланың экологиялық жағдайына қарай қымбаттаған болуы да мүмкін. Мұнда ауа таза, қала тыныш, өмір сүруге қолайлы. Тұрғындардың байқауынша, қазір Қапшағайға көшкісі келетіндер көбейіп жатыр.

Қапшағай, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 14:09

Сурет: Zakon.kz

Дәл қазір казинодан басқа жастарға жұмыс болмай тұр ғой. Біразы сонда еңбек етіп, нәпақасын тауып жүр. Казино қаланың сыртында болғандықтан бізге аса зияны жоқ. Ал ол жақта ойнайтын адамдар өздері құмарлыққа салынған адамдар шығар. Шолпан Рүстемова

Қапшағай, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 14:09

Сурет: Zakon.kz

Қапшағайда көбіне күн жылы. Тұрғындар мұнда серуендегенді ұнатады екен. Қала тұрғыны әрі зейнеткер Лидия Федоровна Қапшағайға ең алғаш келген кезін есіне алды.

Алғаш рет 20-30 жыл бұрын осында келгенде шопыр маған алыста салынып жатқан үйлерді көрсетіп, «Ана салынып жатқан құрылысты көрдің бе? Сол Қапшағай» деп, мақтанып көрсеткен еді. Сол әлі есімде. Одан бері Қапшағай әжептәуір қалаға айналды. Мұнда қаншама көл жасады, су қорларын қалыптастырды. Осының бәрін халық үшін деп істеген азаматтарға шексіз алғыс. Қаладағы жастарға да ақ жол дегім келеді. Өркендеңіздер, жан-жағыңызды дамытыңыздар, жастық шақты бағалаңыздар.Қапшағай қаласының тұрғыны Лидия Федоровна

Лидия Федоровна, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 14:09

Сурет: Zakon.kz

Қапшағайлықтар Дінмұхамед Қонаевтың еңбегін аузынан тастамай, жасы да, қариясы да айтып жүреді. Олар Қапшағай Қонаев болып өзгерсе, оның өмірі мен еңбегі кейінгілерге де үлгі болатынына бек сенімді.

Қонаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 14:09

Сурет: Zakon.kz

Қонаевтың еңбегін білеміз, бағалаймыз. Мен ол кісіге басымды игім келеді. Өзі туралы өте жақсы пікір, естелік қалдырған абыройлы адам. Күнде оның ескерткішіне келіп, осында серуендеймін. Қапшағайдың аты Қонаевтың құрметіне өзгертілсін, халықтың сол адамға деген құрметі қала болып жаңғырып тұрсын. Бізден кейінгілер Қонаевтың кім екенін, қандай еңбегі сіңгенін біліп жүреді. Дінмұхамед Қонаев өте білімді, мықты саясаткер әрі өте абыройлы адам болды. Лидия Федоровна

Қапшағай, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 14:09

Сурет: Zakon.kz

Қапшағайлықтардың көзінде үміт пайда болғандай. Кімді кездестірсеңіз де, қаладағы өзгерістерге қуанатынын айтады. Қапшағай жаңарып, жаңа жұмыс орны пайда болып, халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсаратынынан үмітті.

Қапшағай, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 14:09

Сурет: Zakon.kz

Мен Қапшағайға тағдыр айдап көшіп келдім. Маған қала қатты ұнайды, сондай тәнтімін. Мұндағы саябақ та, тротуар да, көше де ұнайды. Мен көшеде келе жатсам, ол тап-таза болып тұрады. Күнде жақсы адамдарды кездестіріп жүргеніме, күнде қалада серуендеп демалып жүргеніме сондай қуаныштымын.Қапшағай тұрғыны Лидия Федоровна

Қапшағай, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 14:09

Сурет: Zakon.kz

Қапшағай қаласы 1970 жылы 9 шілдеде Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің жарлығымен құрылған. Биыл жазда қаланың 52 жылдығы тойланады.

Қапшағай, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 14:09

Сурет: Zakon.kz

Сонымен қатар биыл – Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 110 жыл.

Қонаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 14:09

Сурет: Zakon.kz

Айта кетейік, 25 наурыз күні Қапшағай қалалық мәслихаты қала атауын Дінмұхамед Қонаев деп өзгерту туралы шешім қабылдады.

Қала атауын өзгерту мәселесін талқылау барысында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Беспаев , Қапшағай қаласының құрметті азаматы, бірінші құрылысшы А. Жен, қала кәсіпкері Т. Авдинов , «Қапшағай жастар болашағы» қоғамдық бірлестігінің Р. Сүлейменов сөз сөйлеп, Қапшағай қаласының атын Дінмұхамед Қонаев деп өзгертуді мақұлдады.

Дауыс беру нәтижесінде Қапшағай қаласының атын Дінмұхамед Қонаев деп өзгерту туралы бірауыздан шешім қабылданды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: