Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге алғыс білдірді
Кездесу барысында тараптар күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Елбасы Ресей Федерациясының Президентіне ТМД-ға мүше мемлекеттер көшбасшыларының бейресми саммитіне Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы ретінде шақырғанына алғысын білдірді.
Құрметті төраға ретінде мен бүгін бейресми кездесуге қатысамын. Мен 1991 жылы желтоқсанда Алматыда ТМД-ның құрылуына себеп болған тарихи оқиғаның санаулы куәгерлерінің бірімін. Бұл қалай болғаны есімде.Нұрсұлтан Назарбаев
Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш президенті ЕАЭО-ны одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтіп, бұл интеграциялық бірлестіктің тиімділігі мен өзектілігін айтты.
ЕАЭО құрылды, бұған көпшіліктің көзі жетті. Пандемияға қарамастан, тек Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымының көлемі 24 млрд болды. Бұл – барлық жылдардағы рекорд. Біздің міндет – ЕАЭО-ны одан әрі дамыту, мүшелер мен бақылаушыларды қабылдау. Жаңа қатысушыларға оның пайдалы екенін дәлелдеу. Өйткені, консенсус негізінде жұмыс істейтін бұл бірлестік оның барлық мүшелерінің құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірмейді.Нұрсұлтан Назарбаев
Владимир Путин Қазақстанның Тұңғыш президентінің ЕАЭО құруға және Еуразиялық континенттегі экономикалық интеграцияны одан әрі дамытуға қосқан үлесін атап өтті.
Еске салсақ, 27 желтоқсанда Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне қатысу мақсатында Санкт-Петербургке барған еді.