Саясаттанушы қаңтардағы оқиғаларға қатысты: Тергеу бірнеше жылға созылуы мүмкін
Талғат Қалиев өзінің Telegram-арнасында ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтың, оның екі орынбасарының және бірқатар офицерлердің қамауға алынғанын еске салды.
Оның сөзіне қарағанда, басты күдіктілердің шен-шекпеніне қарағанда бұл арада сәтсіздікке ұшыраған мемлекеттік төңкеріс жайлы сөз болып отыр, әрине оны ұйымдастырушылар артын әбден бағамдамаған. Билікті басып алу болжау мүмкін емес әртүрлі салдарға әкеліп соғуы ықтимал еді.
Мұндай ауқымды оқиғаларды тергеу әрдайым әртүрлі тергеу шараларының қажеттілігімен күрделене түседі: сараптамалардан бастап, көзбе-көз беттестіру, куәгерлерден сұрақ-жауап алуға дейін, ал бұл, өз кезегінде әр күдіктінің болған оқиғаға қатысы мен кінәсінің дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл арада ұсталған біреулердің босатылуын, тағы біреулерінің соттау бабы қайта тағайындалып, өзгертілуі мүмкін екенін жоққа шығара алмаймыз. Бірақ, қалай дегенмен де тергеуге қоғам өкілдерін қатыстыру туралы талаптың перспективасы күмәнді секілді. Саясаттанушы Талғат Қалиев
Саясаттанушы кез келген елде терроризм және билікті басып алу әрекеттері, сөзсіз, құпиялылықтың жоғары деңгейіне ие және тергеу бірнеше жылға созылуы мүмкін екенін атап өтті. Мысал ретінде ол АҚШ президенті Кеннедиге жасалған қастандықты, Кеңес Одағындағы төтенше жағдайды және 11 қыркүйекте АҚШ-та орын алған террорлық шабуылдардың тергеуін алға тартты. Осы тарихи оқиғалардың айналасында ұзақ және құпия түрде тергеу жүргізілді, сондықтан да бұл тақырыптарға қатысты көптеген алып-қашпа сөздер мен дүдамал теориялар әлі де төбе көрсетеді.
Тағы бір мәселе - тергеудің объективтілігін қамтамасыз ету және күдіктілердің мүдделерін қорғау үшін прокурорлар мен адвокаттардың болуы. Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстерінде мұндай істе қоғам өкілдерінің қатысуы көзделмеген. Талғат Қалиев
Сарапшы тергеу аяқталғаннан кейін де түрлі болжам нұсқалары кез келген жағдайда айтылады деп болжайды. Соған қарамастан, ол сәтсіздікке ұшыраған бұл бас көтеруді "жаңа ережелермен тарихтың жаңа бетін" ашуға мүмкіндік береді деп санайды.
Тергеуге келетін болсақ, өз басым, оның жүргізілуіне кедергі болмас едім. Егер ол арада ірі шенділер төбе көрсетіп жатқанын ескерсек, биліктің өзі оның объективтілігіне мүдделі болатынына сенімдімін. Себебі қастықтың барлық жағдайларын тек объективті және жан-жақты тергеу ғана анықтап, оның алда қайталануына мүмкіндік бермейді. Талғат Қалиев