Саясаттанушы алдағы Үкімет отырысы жайлы: Кезекті өзгерістер орын алуы мүмкін
Сурет: primeminister.kz
Саясаттанушы Талғат Қалиев "Президенттің төрағалығымен ертең өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысынан не күтуге болады" деген сауалға қатысты Zakon.kz-ға өз болжамымен бөлісті.
Қалиев атап өткендей, отырыста бірінші кезекте Үкімет пен жалпы ел алдында қандай сын-қатерлер тұрғаны туралы сөз болады.
Осыған сүйене отырып, дағдарыс тенденцияларының әсерін болдырмауға бағытталған шұғыл шаралар қабылдау қажеттігі айтылады. Әрине, ертең қандай да бір кадрлық тағайындаулар туралы сөз бола қоймайды, бірақ кейінірек орын алып жатуы әбден ықтимал. Мүмкін, алда кезекті өзгерістер орын алады. Талғат Қалиев
Саясаттанушының пікірінше, жаңа Қазақстанды құру енді ғана қолға алына бастады, сондықтан қандай да бір қорытынды жасауға және Үкімет жұмысының тиімділігін бағалауға әлі ерте.
Жалпы, қазіргі жағдайда не істей аламыз? Біз сыртқы факторлардың ықпалындағы мемлекетпіз. Қазіргі үкімет, өздеріңіз куә болып отырған, "жоғары турбуленттілік" жағдайында жұмыс істеу бұйырып отыр, сондықтан атқарылар жұмыс көп, оңай болмайды, - дейді ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript