Өзбекстан Қазақстанмен арадағы шекарасын жапты

Шұғыл шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2022 10:47 Сурет: ҚР ҰҚК Шекара қызметі
2022 жылы 15 қаңтардан бастап Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасымен шектесетін мемлекеттік шекарасын екі ел азаматтарының кесіп өтуіне уақытша тыйым салынады, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл "омикрон" штаммның айналымға шығуына байланысты, деп хабарлайды ӨР СІМ баспасөз қызметі.

Елге әуе тасымалы арқылы жететін азаматтарға ерекше артықшылық жасалған, яғни бұл тыйымның оларға қатысы жоқ.

Сондай-ақ елге мынандай жағдайда кіруге рұқсат етіледі:

  • үкіметаралық фельдъегерлік байланыс қызметкерлеріне;

  • жүктерді халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерге;

  • ресми (үкіметтік) делегациялардың құрамында болатын адамдарға;

  • дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне;

  • Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Өзбекстан Республикасы объектілерінің, сондай-ақ Өзбекстан Республикасының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасы объектілерінің қызмет көрсетуші персоналдарына;

  • осы мемлекеттерде инвестициялық жобалар шеңберінде жұмыс істейтін Өзбекстан, сондай-ақ Қазақстан азаматтарына;

  • Өзбекстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Өзбекстан Республикасының азаматтарына.

Толық тізіммен мына арадан танысуға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: