Шавкат Өтемісов Орталық сайлау комиссиясына мүше болды

Қазақстан парламенті сенатының жалпы отырысында депутаттар Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Серік Сыдықовты қызметінен босатып, бұл орынға жаңадан экс-мәжілісмен Шавкат Өтемісовті сайлады, деп хабарлайды Zakon.kz
Сенат Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Серік Сыдықовтың өкілеттігін тоқтатып, оны қызметінен босатты.
Сенат регламентінің 81-1-тармағының негізінде сенатқа Ортсайлауком мүшесі Сыдықов Серікті берген өтінішіне байланысты қызметінен босату ұсынылсын.Сенат депутаты Владимир Волков
Бұл ретте сенаторлар ОСК-ның жаңа мүшесін тағайындады. Осылайша Шавкат Өтемісов Орталық сайлау комиссиясының жаңа мүшесі болды.
Конституциялық нормаларға сәйкес ОСК мүшелігіне кандидатты палата төрағасы ұсынады. Осы құқықты пайдалана отырып, ОСК мүшелігіне Шавкат Өтемісовтің кандидатурасын ұсынамын. Ол еңбек жолын ауыл мектебінде мұғалім болып бастап, аудан әкімі, облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. Біраз жыл мәжіліс депутаты болды, заң шығару үдерісіне белсене араласты. Бұған дейін ол Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің аппарат басшысы қызметін атқарған. Шавкат Өтемісовтің біліктілігі мен мемлекеттік қызметтегі мол тәжірибесі ОСК жұмысына тың серпін беретініне сенімдімін.Парламент сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript