Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Әбдірахманов пен Олжас Қизатов жаңа қызметке тағайындалды
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысының өкімдерімен бірнеше тағайындаулар орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Нұрлан Алмасұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды;
Олжас Төлегенұлы Қизатов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының өкімімен Олег Александрович Смоляков Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript