Украинадағы жағдай: келіссөздердің екінші раунды, атом электр станциясындағы өрт

Украина, Ресей, келіссөздер, АЭС, Запорожье атом электр станциясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2022 12:45 Сурет: president.gov.ua
3 наурызда Ресей – Украина келіссөздерінің екінші раунды өтті. Тараптар үш маңызды мәселені талқылап, гуманитарлық дәліздерді бірлесіп қамтамасыз ету бойынша келісімге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Саясат және экономика

  • Келіссөздер барысында Ресей мен Украина делегациялары негізгі үш мәселені талқылады: әскери, гуманитарлық және қақтығысты саяси реттеу. Тараптар уақытша атысты тоқтату туралы бітімге келіп, гуманитарлық дәліздерді бірлесіп қамтамасыз етуге келісті.

  • Киев пен Мәскеу келіссөздерді жалғастыруға келісті, үшінші раундты мүмкіндігінше тезірек өткізу жоспарлануда.

  • Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псакидің айтуынша, Ресейді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен шығару мәселесі қаралып жатқан жоқ.

  • Пентагон қақтығыстардың алдын алу үшін Ресей Қорғаныс министрлігімен байланыс желісін құрып жатқанын айтты.

  • Украинада Ресейге шалынатын телефон қоңыраулары бұғатталды.

  • Украина жағында соғысқысы келетін Чехия азаматтары өз елінде жазаға тартылмайды.

  • Гаага трибуналының тергеушілері Украинаға барды.

  • Джонсон Зеленскиймен сөйлесу барысында Запорожье атом электр стансасы төңірегіндегі жағдайға байланысты таяу сағаттарда БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын шақыратынын мәлімдеді.

Әскери іс-қимылдар

  • Запорожье АЭС-індегі өрт станция аумағынан шеткері жерде болды. Радиациялық фонда өзгерістер байқалған жоқ.

  • МАГАТЭ: АЭС маңындағы өрт стансаның «негізгі жабдықтарына» әсер еткен жоқ.

  • Ресей армиясы Украинаның Запорожье облысындағы Бердянск және Энергодар қалаларын, сондай-ақ Запорожье атом электр станциясы маңындағы аумақтарды өз бақылауына алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: