Назарбаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады

Құттықтау, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2022 12:12 Сурет: elbasy.kz
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Тұңғыш президентінің құттықтау сөзі Елбасы сайтында жарияланды.

Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Күллі әлем мұсылмандары үшін айрықша орын алатын бұл ай исламның ең басты құндылықтары – жақсылық пен мейірімділікті, сабыр мен имандылықты дәріптейді. Бұл идеялар діні мен ұлтына қарамастан тұтас халқымыздың бірлігін бекемдей түсері сөзсіз. Қасиетті Рамазан айында сіздерге зор денсаулық, рухани күш-қуат, бақ-береке тілеймін, делінген құттықтауда.

Алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзі жарияланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: