Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР СІМ БҰҰ Қарусыздану жөніндегі комиссия сессиясы бойынша мәлімдеме жасады

Мәлімдеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2022 11:52 Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2022 жылғы 4-21 сәуірде Нью-Йорк қаласында өткен БҰҰ Қарусыздану жөніндегі комиссиясының үш жылдық үзілістен кейін жаңартылған сессиясының нәтижелерін құптайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, БҰҰ мүше мемлекеттері ядролық қарусыздану және таратпау мәселелерін ілгерілету, транспаренттілікті және ғарыш кеңістігінде қару-жарақ жарысының алдын алу мақсатында сенімді нығайту шараларын іс жүзінде іске асыру бойынша бейілділігін танытты.

Қазақстан делегациясы Комиссияның қорытынды құжатына ядролық қарудың жаңа түрлерін әзірлеу қаупін азайту, қолда бар ядролық арсеналдарды жаңғырту мүмкіндігін шектеу, ядролық сынақтардың құрбандарын қолдаудың маңыздылығы туралы ережені енгізуге бастамашылық жасады. Қазақстан ғарыш кеңістігін тек бейбіт мақсатта пайдалануды және ғарыштағы жауапты мінез-құлық нормаларын әзірлеуді дәйекті түрде қолдайды. ҚР СІМ

Айта кетсек, БҰҰ Қарусыздану жөніндегі комиссиясы 1978 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарусыздану бойынша бірінші арнайы сессиясында құрылды. Комиссия БҰҰ БА бағынысты кеңесші орган болып табылады және оның функциясына қарусыздану саласындағы түрлі проблемалар бойынша ұсынымдарды қарау және шығару кіреді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: