Жаңалықтар тізбегі
0

Үш тілді бастауыш сыныпта оқытуды тоқтатқан дұрыс - Сенаторлар

үш тілде оқытуға тыйым салу керек, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2022 16:38 Сурет: pixabay
Білім саласы – сынақ алаңына айналды. Соңғы 5 жылда заңға 29 рет өзгеріс енді. Соның ішінде үштілділікті оқыту – ұрпақтың санасын сәулелендіру емес, керісінше келешегін көмескілеу, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін сенаторлар бір кездері қабылданған заңға қайта қарсы шығып, шет тілдерін 5-сыныптан бастап оқытуға ұсыныс жасады. Онда да ата-аналарының қалауымен жүзеге асырылуы керек.

Жалпы, мұндай ойды бұған дейін Мемлекет басшысы айтқан болатын. Ал әлемдік банктің зерттеуінше, Қазақстандағы адам капиталы көрсеткіші 63 пайыз екен.

Бұл дегеніміз 18 жасқа дейінгі қалыптасуы тиіс оқушылардың қабілеттері мен дағдыларының жиынтығы. Демек, білім жүйесі соның 63 пайызын ғана беріп отыр. Осы тұрғыда өскелең өрен алдымен өз тілі мен дүниетанымын бойға сіңіріп алғаны абзал.

Балабақшадағы, 1-сыныптағы ойлау жүйесі әлі толық жетіліп қалыптаспаған, санасы үлбіреп тұрған қазақ сәбилеріне бірден үш тілді оқытудың қандай қажеттілігі бар? Ғылымы мен білімі жоғары Жапония, Финляндия, Франция, Қытай 10 жасқа дейін балаларын өзге тілде неге оқытпайды? Әлемнің ең мықты деген 30 елінің бастауыш сыныптарында қанша тіл оқытылатынын зерттеп қарасақ, 2 тіл бірінші сыныпта 4-ақ елде, екінші сыныпта 5 елде, төртінші сыныпта 12 елде оқытылатынын көрдік. Ал Қазақстаннан басқа әлемнің бірде-бір мемлекетінде 3 тіл мүлдем оқытылмайды. Мұрат Бақтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: