Бекжан Пірматов ForteBank басқарма төрағасы болып тағайындалды
Сурет: ForteBank баспасөз қызметі
Бекжан Пірматов ForteBank басқарма төрағасы болып тағайындалды. Мұндай шешім Банктің директорлар кеңесінің отырысында қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бекжан Пірматов – кәсіби банкир. Оның банк секторында, оның ішінде HSBC және EBRD сияқты қазақстандық және халықаралық қаржы институттарында 18 жылдық тәжірибесі бар. Ол «ЦеснаБанк» және First Heartland Jysan Invest басқармаларын басқарды.Ол Forte командасына 2020 жылы Басқарма төрағасының орынбасары ретінде қосылды.
Бекжан Пірматов Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің (Нархоз университеті) және Джордж Вашингтон университетінің (АҚШ) түлегі.
Бекжан Пірматов Forte-де жұмыс істеген уақыт ішінде корпоративтік бөлімше, ШОБ, қазынашылық және бөлшек сауда сегментін қоса алғанда, бизнестің барлық негізгі бағытын сәтті басқарды. Директорлар кеңесі Бекжанды басқарма төрағасы етіп бекіту туралы шешім қабылдады.ForteBank директорлар кеңесінің төрағасы Эльдар Әбдіразақов
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript