Иран президенті Ибрахим Раиси елордаға ұшып келді

Мемлекеттік сапар, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2022 23:29 Сурет: Zakon.kz
Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раиси Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әуежайында оны ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.

АӨСШК саммиті Астанада 12-13 қазанда өтеді. Бұл пандемиядан кейінгі кезеңдегі аймақтағы ең ауқымды саяси оқиғалардың бірі болады деп күтілуде. Іс-шараға Әзербайжан, Ирак, Иран, Қазақстан, Катар, Қырғызстан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан басшылары, Вьетнам вице-президенті және ҚХР Төрағасының орынбасары қатысады. Саммитке АӨСШК-нің бақылаушы мемлекеті болып табылатын Беларусь президенті де қатысады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: