Ресейде құс тұмауы өршіді

Ресейде құс тұмауы өршіді, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2022 17:12 Сурет: pixabay
Хабаровск өңіріндегі қалалардың бірінде төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комсомольск на Амуре қаласындағы құс фабрикасынан аса қауіпті саналатын, H5 түріндегі «А» типті патогенді құс тұмауының вирусы анықталды.

Зертхана қорытындысы осындай. Бұл вирус адамға да қауіпті болуы мүмкін. «Комсомол» фабрикасында барлығы 500 мың тауық бар.

Қазір құстарды ескі көлік дөңгелектерін жағып өртеп жатыр. Қала әкімшілігі әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы азаматтардан ескі автошиналары болса кәсіпорын аумағына жеткізіп беруді өтініп, көмек сұрауда.

Саратов және Сахалин облыстарында да құс тұмауы тіркелді.

Өзге өңірлерде тұмауға қарсы вакцинация жүргізілуде.

Мәселен тек Ростов облысында құстарға 1,5 млн екпе салынды. Дегенмен мамандар жұмыртқа бағасы 30 пайызға дейін қымбаттайтынын айтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: