Украина аумағына тағы шабуыл жасалды
Сурет: Украина Президентінің ресми сайты
Украина аумағына тағы да зымырандармен, дрондармен шабуыл жасалды. Запорожье, Харковь облыстарында жарылыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ал Кривой Рог қаласында камикадзе-дрон энергетикалық инфрақұрылым нысанына түскен. Бірнеше аудан жарықсыз, сусыз қалды.
Ресей президенті Владимир Путин елдің әскери өнеркәсібін бәсекеге қабілетті етуге, қару-жарақты үнемі жетілдіруге үндеді, деп жазады qazaqstan.tv.
Дегенмен АҚШ-тың Соғысты зерттеу институты болса Ресей маңызды қару түрлерін изоляцияға ұшыраған Иран, Солтүстік Кореядан сатып алуға мәжбүр болғандықтан, Путиннің талабы орынсыз деп мәлімдеді.
Ал Мәскеу аталған елдерден қару алғанын жоққа шығарып келеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript