Қарақат Әбден Мейрам Қажыкенге: Өмірді көріңіз, ауылға барыңыз!

Телевизиялық дебат, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2022 21:36 Сурет: pexels
11 қарашада телевизиялық дебат кезінде Қарақат Әбден Мейрам Қажыкенге ауылға баруға кеңес берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін Мейрам Қажыкен оның атқа мінетінін мысқылдаған еді.

"Менің атқа мініп, бие сауғанымды күлкі еткеніңіз, мына өмірден әлі мақрұм екеніңізді білдіреді. Сиыр қанша сүт беретінін, бие саууды мен жақсы білемін. Өмірді көріңіз, ауылға барыңыз, қымыздың қалай өндірілетінін зерттеп көріңіз. Зерделі әрі мейірімді болайық", - деп жауап берді Қарақат Әбден.

10 қарашада Қарақат Әбден Facebook-тегі парақшасында атқа мініп, дала кезген видеосын жариялаған болатын.

Қазақстанда Президенттің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: