ҰҚШҰ бақылаушылары еліміздегі сайлауда халықтың белсенділігін байқады
Сурет: Zakon.kz
Дауыс беру барысы туралы Армения Ұлттық ассамблеясының Аймақтық істер және еуразиялық интеграция жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары, Армения-Қазақстан парламенттік достық тобының жетекшісі Вагаршак Акопян баяндады.
Вагаршак Акопян сайлау учаскелерінде ҰҚШҰ бақылаушылары жұмыс істей бастағанын хабарлады.
"Біз үдерістерге қатысы бар саяси күштердің барлығымен кездесулер өткіздік. Біз кандидаттардың штаб-пәтерінде болдық, түрлі құрылыммен кездестік. Бүгін таңертең ҰҚШҰ байқаушы тобы да сайлау учаскелерінде жұмысын бастады. Айтайын дегенім, дауыс берушілердің жоғары белсенділігін байқадық. Сағат 10:00-де біз болған барлық сайлау учаскелерінде сайлаушылардың 10%-ы қатысқан болды".Вагаршак Акопян
Оның айтуынша, президент сайлауы жақсы ұйымдастырушылық деңгейде өтіп жатыр.
"Біз барлық жағдайды мұқият қадағалап отырмыз. Сайып келгенде, сайлау Қазақстан халқы үшін бетбұрыс кезеңі және бұл өте маңызды".Вагаршак Акопян
Өз кезегінде ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының жауапты хатшысы – ҰҚШҰ ПА хатшылығының меңгерушісі Сергей Поспелов сайлау учаскелері ашылар алдында шағын кезектерді байқағанын айтты.
"Қазір ешқандай заң бұзушылықтар тіркеген жоқпыз. Сайлау учаскелері жабылғанша жұмысты жалғастыра береміз. Дауыстарды санауға біздің байқаушылар да қатысады. Сонымен қатар бүгін кешке қорытынды шығару жоспарланып отыр".Сергей Поспелов
Бұған дейін ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) сайлауды бақылау миссиясының жетекшісі Урсула Гачек әр сайлау жеке сипатқа ие екенін айтқан еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript