Жаңалықтар тізбегі
0

Сайлаудың сәтті өтуі оны ұйымдастыруға байланысты – сарапшы

сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2022 13:45 Сурет: Zakon.kz
ҚР президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина сайлау жалпы саяси процесс ретінде бірнеше маңызды қызметті атқаратынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Біріншіден, сайлау билік органдарын демократиялық қалыптастыру тәсілі ретінде саяси режимді легимитизациялау мен сенім арттырудың құралы ғана емес, сол сияқты азаматтарды саяси белсендірудің, олардың өз сұраныстарын, қызығушылықтарын ой-елегінен өткізудің, қоғамдық нығаюдың, биліктің азаматтармен кері байланысын қамтамасыз етудің, саяси мәдениетті қалыптастыру және дамытудың, саяси өмірге қатысу үшін дағдыларға ие болудың негізгі құралы.Алуа Жолдыбалина

Президент жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина сайлау халықты нығайтуға бағытталған шара екенін айтты.

Екіншіден, сайлау – жаңа мақсаттар мен бағдарламалардың, азаматтарды толғандыратын сұрақтар мен мәселелерді, жалпы әлеуметтік-экономикалық, саяси курсты шешудің тәсілі. Сондықтан да сайлау халықты нығайтуға бағытталған. Жалпы әлемдік трендті назарға ала отырып, азаматтар әрі қарайғы жолды және жоспарларды нақты түсінуі қажет. Алуа Жолдыбалина

Оның сөзінше, жалпы, сайлау қоғамдық өмірге белгілі бір мерзімділікті, өткен жолдың қорытындысын жасап, болашаққа үңілуге мүмкіндік береді.

Сайлауды өткізу үнемі үлкен ұйымдастырушылық жұмысты талап етеді. Бұл процедура келесі сатылардан тұратын сайлау процесі деп аталады: сайлауды белгілеу; сайлау округтерін құру; сайлау комиссиясын қалыптастыру; үміткерлерді ұсыну; сайлаушылар тізімін құру; сайлау алдындағы үгіт-насихат; сайлауды өткізу; сайлау қорытындысын жасау; сайлау нәтижесін халыққа жариялау. Осы кезеңдердің барлығында сайлау комиссиясы жүйесінің, атап айтқанда Орталық сайлау комиссиясының, аумақтық сайлау комиссияларының, учаскелік сайлау комиссияларының бірыңғай жөнге келтірілген жұмысы қажет. ҚР президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: