Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудың маңыздылығына тоқталды
Сурет: Zakon.kz
20 қарашадағы сайлау нәтижелері бір ғана жеті жылдық мерзіммен шектелетін жауапты президенттіктің жаңа саяси дәстүрін бекітеді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды тапсыру салтанатты рәсімінде айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сөзінің жалғасында ол бұл дәстүр жоғарғы билікті өркениетті және жүйелі түрде ауыстыру механизмін орнататынын, оны монополиялау әрекеттеріне тосқауыл қоятынын атап өтті.
Президенттің айтуынша, келесі жылға жоспарланған Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы қазақстандық парламентаризмді дамытудағы маңызды белеске айналады.
Сонымен қатар, олардың нәтижелері азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге, барлық әлеуметтік топтардың инклюзивті өкілдігін қамтамасыз етуге бағытталған біздің жүргізіліп жатқан саяси жаңғыртуымыздың тікелей көрінісі болады, деп қосты Президент.
Осылайша, біз саяси жүйеміздің негізгі институттарын қайта іске қосамыз және нығайтамыз, ұзақ мерзімді мемлекеттік құрылыстың тұрақты векторын белгілейміз. Қасым-Жомарт Тоқаев
20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript