Мемлекет басшысы: Беделді халықаралық сарапшылар Қазақстанды бейбітшіліктің бесігі деп атайды
Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды тапсыру рәсімінде сөз сөйлеп, әлемдегі күрделі жағдай мен Қазақстанның саяси рөлі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
24 қазанда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, мемлекет басшысы қазіргі күрделі геосаяси жағдайдағы Қазақстанның ұстанымын баяндады. Ол көптеген беделді халықаралық сарапшылар Қазақстанды бейбітшіліктің бесігі деп атайтынын айтты.
"Қазір біз аймақтың мәдени-рухани орталығына айналдық. Биыл шетелдің өнер ұжымдары елімізде 200-ден астам мәдени іс-шара өткізді. Бұл – тұрақтылықтың, тыныштықтың айқын көрінісі. Мұны басқаларға үлгі-өнеге деуге болады. Ал тұрақсыздық жайлаған елге ешкім ұмтыла қоймасы анық." Қасым-Жомарт Тоқаев
Бейбітшілік – біздің басты байлығымыз. Оның қадіріне жетіп, бағалай білу – бәрімізге ортақ парыз. Мұны еліміздің әрбір азаматы, әсіресе, өскелең ұрпақ терең түсінуі қажет"
"Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Саяси және әлеуметтік-экономикалық реформа қоғамдық сананың түбегейлі өзгерісіне ұласуы керек. Мен Түркістанда өткен Құрылтайда сөйлеген сөзімде жаңа қоғамдық этика туралы айттым. Алқалы жиыннан соң Құрылтайдың кейбір мүшелері маған өз ұсыныстарын жолдады. Олар елімізде құндылықтар жүйесін қалыптастыру қажеттігіне назар аударуда. Шын мәнінде, мұны өте маңызды бастама деп ойлаймын. Оны жан-жақты талқылап, қарастыруымыз керек." Президент
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript