Жаңалықтар тізбегі
0

Елорда түрмесіне 4 дана Air Pods құлаққаптары мен ұялы телефондарды кіргізбек болған

Полиция заң бұзған адамды ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2022 13:17 Сурет: ҚР ІІМ
Түрмедегі жазасын өтеп жатқан сотталғандарға төрт дана Air Pods құлаққаптары және ұялы телефондарды қоршалған аумаққа лақтырмақ болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алайда құқықбұзушылық жасамақ болған азамат белгісіз бағытқа қашып кеткен.

Елорда тұрғыны қара полиэтилен пакетіне оралған белгісіз заттарды түрме аумағына лақтыру үшін арнайы дайындап әкелген. Мекеме қызметкерлерінің көзінен түсіп қалған азаматтар, ойластырған істерін орындай алмастан,  қолындағы тыйым салынған заттарды тастай сала белгісіз бағытта қашып кеткен. 

"Оқиға орнына Аршалы ауданының полиция бөлімшесінің жедел тергеу тобы шақырылып, құқықбұзушылық жасауға тырысқан азаматтардың тастап кеткен заттары тәркіленді. Оның ішінен ұялы телефондар, төрт дана Air Pods құлақаптары және бірнеше дана сим карталар табылған.  Бұл дерек бойынша тексеру амалдары жүргізілуде."Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.


Құлаққаптар әкелген адамдар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2022 13:17

Сурет: Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: