"Адал" партиясы қызметін тоқтатуға құжаттарын тапсырды

adal, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2022 15:58 Сурет: Instagram/adal.almaty
Әділет министрлігі "Адал" партиясы қызметін тоқтату туралы құжаттарын тапсырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Әділет министрлігінің Telegram-каналында көрсетілгендей, қазір Қазақстанда алты партия тіркелген.

  1. Amanat
  2. Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы.
  3. Қазақстан халық партиясы (ҚХП).
  4. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ОСДП).
  5. "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ("Ауыл" ХДП).
  6. "Байтақ" халықтық экологиялық партиясы.

2022 жылдың 16 наурызында партияның саяси кеңесінің мүшелері Адалдың биліктегі Amanat партиясына өтетінін хабарлады.

Сәуірдің 26-сы күні "Адал" партиясы Amanat партиясымен біріккені белгілі болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманы партиялық саладағы өзгерістердің басталуының айқын көрсеткіші деп атады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: