Жаңалықтар тізбегі
0

Адай тұқымдас жылқылардың 6 түрі жаңа ұлттық бренд ретінде тіркелді

Адай тұқымдас жылқылардың 6 түрі жаңа ұлттық бренд ретінде тіркелді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2023 12:30 Сурет: Әділет министрлігі
ҚР Әділет министрлігі Адай тұқымдас жылқылардың 6 түрін жаңа ұлттық бренд ретінде тіркеді.
Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді. Биыл 28 желтоқсанында Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК Ауыл шаруашылығы министрлігі Апробация жөніндегі мемлекеттік комиссиясының қорытындысы негізінде селекциялық жетістікке алты патент беру туралы шешім қабылдады және селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеді.

Осының негізінде Адай жылқысының жаңа тұқымдарын Қазақстанның селекциялық жетістігі ретінде тіркеу және патент иеленушінің селекциялық жетістікті пайдалануға айрықша құқығын, оның басымдығы мен селекционердің авторлығын куәлендіретін патенттер берді. 2023 жылғы 29 желтоқсанда патенттер беру туралы мәліметтер ресми бюллетеньде жарияланды.


"Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысына сапарының қорытындысында үкіметке Адай асыл тұқымды жылқысын ғылыми тұрғыдан дәлелдеу және өсімін молайту бойынша жедел жұмыс істеу туралы тапсырма берілген еді. Адай жылқысының жаңа тұқымдарына патент алу оны одан әрі сақтауға, іріктеуге және Қазақстанның Ұлттық брендін дамытуға ықпал етеді".ҚР Әділет министрлігі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: