Жаңалықтар тізбегі
0

Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген Қазақстан мигранттарының саны едәуір кеміген – ҚР СІМ

Заңсыз мигрант, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2023 18:26 Сурет: pixabay
ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте құзырлы ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Кореяда Қазақстаннан заңсыз барушы мигранттар саны күрт кемігенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР СІМ ресми өкілінің айтуынша, түзілген "жасыл дәліздің" арқасында онда заңсыз жүрген көп қазақстандықтар үйлеріне оралуға мүмкіндік алды.

"Соңғы келіп түскен мәліметтер бойынша, бір ай бұрын Оңтүстік Кореяда біздің заңсыз мигранттар саны азайған. Қазір ол жақта 7-8 мыңға жуық азаматтарымыз жүр. Ал алдында бұл цифр шамамен 11-12 мың болған". Айбек Смадияров

Ол көптеген адам осы "жасыл дәлізді" пайдаланғанын, бірақ адамдар онсыз да елге еш кедергісіз орала алатынын айтты.

"Онсыз да олар қайтамын десе, елге орала алады. Корея елшілігі қазір жаңа тәжірибе енгізді. Оған сәйкес, енді сол жаққа жетіп алып, азаматтарымыз бұрынғыдай қалып қоя алмайды. Кореяға визасыз режим бойынша келместен бұрын енді арнайы рұқсат алу қажет. Ол үшін барлық қажетті құжаттарды - авиабилетті, кері қайтатын авиабилетті және сақтандыру қағазын тапсыру қажет". Айбек Смадияров

2022 жылы Оңтүстік Кореяда қазанның 29-нан 30-ына қараған түні  Сеулдегі атақты Итхэвон ауданында  ең ірі қайғылы оқиға орын алды. Мейрамды тойлатқан ығы-жығы адамдар тар көшеде бір-бірін қысып, таптап кеткен.

Қаза тапқандар арасында, өкінішке қарай, бір Қазақстан студенті де бар болып шықты. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: