СІМ Оңтүстік Кореяда қаза тапқан жерлестеріміз туралы: Барлығы жап-жас, небәрі 20-21 жаста...

Ескерту үшбұрышы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2025 17:24 Сурет: pixabay
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 2025 жылғы 2 маусымда өткен брифинг барысында Оңтүстік Кореяда қаза тапқан қазақстандықтарға қатысты мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол жол апатынан Қазақстанның төрт азаматы қаза тапқанын еске салды.

"Жас жігіттер үлкен жол торабында болған апат кезінде қаза тапты. Көлік өте жоғары жылдамдықпен келіп, жылдамдықты тіркейтін құрылғы орнатылған бағанға соғылған. Көліктегілердің барлығы оқиға орнында көз жұмды. Барлығы жап-жас, небәрі 20-21 жаста. Біреулері оқуға барғандар, тағы біреулері сонда жұмыс істеп жүрген", – деді Айбек Смадияров.

Осыған байланысты СІМ-нің ресми өкілі шетелдегі барлық ел азаматтарын қауіпсіздік шаралары мен қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға шақырды.

Қайғылы оқиға 2025 жылы 27 наурызда Кореядағы жоғары жылдамдықпен жүру рұқсат етілген үлкен жол торабында болған. Кенгидегі жантүршігерлік жол апаты кезінде Қазақстанның төрт азаматы қаза тапты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: