Тоқаев Жақып Асановты Сенат депутаты етіп тағайындады
![Тоқаев жаңа сенаторларды тағайындады, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2023 16:58](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-64b53fe5-fdb7-4736-8de5-e390b25d6210/800x449.webp)
24 қаңтарда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақордада жарияланған хабарламаға сәйкес, Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тағайындау туралы шешім қабылдады:
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:
- Жақып Қажманұлы Асанов;
- Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев;
- Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп;
- Ләззат Молдабекқызы Қалтаева;
- Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалды.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript