Қазақстанда декреттік төлемдерді алу мерзімі қысқарады
Сурет: primeminister.kz
Digital Almaty форумында сөйлеген ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин биылдың өзінде қазақстандық әйелдер декреттік жәрдемақыны бір сағаттың ішінде ала алатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, қазір бала күтіміне байланысты жәрдемақы алу рәсімі 15 күнге дейін созылады.
"Биыл біз босанғанға дейінгі жәрдемақыны алуды бір сағатқа дейін қысқартамыз. Жас отбасылар халыққа қызмет көрсету орталықтарына қалай барып, кезекке тұруды ойламай, балаларына қалай уақыт бөлуді ойласын". Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин
Мусин атап өткендей, бұдан басқа, eGov.kz қазақстандықтарға маңызды және есте қаларлық күндерді еске салады. Енді қолданушыларды баланың дүниеге келуімен құттықтайды.
"Мамыр айынан бастап біз де сізді үйлену тойыңыздың мерейтойымен құттықтауға кірісеміз. Кейбір өмірлік жағдайларды еске түсіреміз. Тұрғындар мен отбасылардың бақытын ойлайтын мемлекет болу керек деп санаймын." Бағдат Мусин
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript