"Ауыл" партиясы Мәжіліс сайлауына қатысатын кандидаттар тізімін бекітті
Сурет: "Ауыл" партиясы
"Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы кезектен тыс ХХІІ съезінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауына дайын екенін мәлімдеп, кандидаттар тізімін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәжіліс сайлауына партиялық тізіммен – 25 адам, мажоритар жүйе бойынша тоғыз адам қатысады.
Кандидаттар арасында былтыр Президент сайлауына "Ауыл" атынан қатысқан Жигули Дайрабаев, кәсіби әлеуметтік жұмысшылардың ұлттық альянсы атынан қатысқан Қарақат Әбден, журналист Анна Данченко және өзге азаматтар бар.
Партияның 600-ден астам мүшесі мәслихат сайлауына қатысады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript