Сирияда мыңдаған адам үйлерін тастап кетті
Сурет: pixabay
Жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияда да іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Көз жұмғандар 3 мыңға жуықтаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елдегі мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметіне сай, 300 мыңға жуық адам үйін тастап кетуге мәжбүр болды.
Тұрғындар үйінді астында қалған туыстарын табу үшін құтқарушыларға көмектесіп жүр. 12 жылға жуық азаматтық соғыстан көз ашпаған Сириядаға жағдайды зілзала одан әрі қиындатты, деп жазады qazaqstan.tv.
Халықаралық гуманитарлық көмек те жете бастады. Алайда кей аудандарда қиындық бар, себебі өткізу пункттеріне апаратын жолдар бұзылған.
Таңертеңнен бері осындамыз. Мына жерден 7 адамның мәйітін шығардық. Бейбіт тұрғындар бізге үйінділерден адамдарды алып шығуға көмектесіп жатыр. Ахмет Салум, Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript