Жаңалықтар тізбегі
0

Скляр Екібастұздағы жылу электр орталығында болған апат туралы: Барлығы кінәлі

Скляр Екібастұздағы жылу электр орталығында болған апат туралы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2023 15:17 Сурет: primeminister.kz
17 ақпанда Сенат отырысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұз жылу электр орталығында болған апат туралы айтты. Оның айтуынша, бұл оқиғаға адамдардың үлкен тобы кінәлі, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

БАҚ өкілдері екібастұздықтардың қыста жылусыз қалғаны үшін Роман Склярдың жеке кешірім сұрай ма деп сұрады.

«Екібастұзда ірі апаттың бесінші күнінен бастап, 7 күн болдым. Әріптестерімізбен жүздеген пәтерлерді араладық, түрлі мекемелерде болдық. Мен тұрғындармен бірнеше рет жүздестімм, маған сеніңіз, келтірген қолайсыздықтар үшін олардан талай рет кешірім сұрадым. Бұған кім кінәлі дегенге, барлығы деп жауап беремін. Менен бастап, энергетика саласының кураторы ретінде, керек десеңіз станцияның жұмысшылары да жауапты. Бұл анық. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр

Оның айтуынша, тергеу үлескердің де кінәсін анықтайды, «кінәсі дәлелденсе, ол толық жауапкершілікке тартылады».

Скляр сондай-ақ өткен аптада Үкіметтік комиссия Екібастұзға барғанын еске салды.

"Әрине, жағдай өте күрделі, өкінішке орай, өткен жылы желілерде орын алған апат станцияның жұмысын теңгерімсіздікке ұшыратты: 10 қазандық егер бұрын 1-2 аптаға тоқтатылған болса, қазір күн сайын үш қазандық жұмыстан шығып, тез қалпына келтіріледі." Роман Скляр

Екібастұзда жыл басынан бері бірқатар үйлерде жылу талай рет үзілген.

2022 жылдың 27 қарашасына қараған түні Екібастұз қаласының тұрғын үйлеріне жылу және ыстық су беру ауқымды түрде тоқтатылды. Себеп ретінде Энергетика министрлігі жылу құбырларының тозуы жоғары, бұл 70 пайыздан астамды құрап отыр.

Кейін Энергетика министрлігі Екібастұздағы апаттың жылу электр орталығында емес, жылу желілерінде болғанын түсіндірді.

28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды.

Төтенше жағдай 8 желтоқсанда жойылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: