Жаңалықтар тізбегі
0

Смайылов: Ресей мен Қытайға логистикалық бағыттардың дамуын жандандыруымыз керек

Ресей мен Қытайға логистиканы жақсарту қажет, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2023 13:09 Сурет: Zakon.kz
Республика аумағында жалпы ұзындығы 13 мың шақырымға жуық сегіз транзиттік автокөлік дәлізі бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі уақытта «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» (768 км), «Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы» (746 км), «Майқапшағай – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» (415 км) және «Алматы – Астана – Петропавл – РФ шекарасы» (31 км) трассаларында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

 2030 жылға дейін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» (1 363 км) және «Астана – Қостанай – РФ шекарасы» (830 км) дәліздері мен «Атырау – Орал – РФ шекарасы» (587 км) трассаларын І техникалық санатқа сәйкестендіріп жаңарту жоспарланып отыр.

Премьер-министр бұл жұмысты көршілес елдердің уәкілетті мемлекеттік органдарымен үйлестіре отырып, Ресей мен Қытайға қарай логистикалық бағыттарды және Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуды жандандыру қажеттігін атап өтті.

Үкімет басшысының айтуынша, аталған тәсіл мемлекеттер арасындағы автожолдардың түйіскен жеріндегі «тар жолдарды» тезірек жоюға және соның арқасында жүк айналымын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: