БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Қазақстанға ат басын тірейді

Жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2023 13:46 Сурет: freepik
БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк 13 наурыздан бастап Орталық Азиядағы екі елдің арнайы шақыртуымен Өзбекстан мен Қазақстанға бес күндік жұмыс сапарымен келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоғарғы комиссар Қазақстанға 16-17 наурыз аралығында болады. Ол жоғары лауазымды мемлекеттік тұлғалармен, омбудсмендермен, БҰҰ қызметкерлерімен және азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдерімен кездеседі.

Қазақстанға сапары барысында Фолькер Тюрк  Астанада болып, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 75 жылдығына арналған іс-шарада сөз сөйлейді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: