Жаңалықтар тізбегі
0

Қытай үкіметінің жаңа құрамы бекітілді

ҚХР, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2023 11:26 Сурет: freepik
14-ші шақырылымдағы Жалпықытай халық өкілдері жиналысының (ЖХӨЖ) бірінші сессиясының делегаттары ҚХР Мемлекеттік кеңесінің жаңа құрамын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Синьхуа" агенттігінің хабарлауынша, мемлекеттік кеңестің жаңартылған құрамын заң шығарушы органның қарауына Үкіметтің жаңа басшысы Ли Цян ұсынды.

Мемлекеттік кеңестің вице-премьерлері болып Дин Сюэсян, Хэ Лифэн, Чжан Гоцин және Лю Гочжун тағайындалды.

ҚХР Қорғаныс министрі Ли Шанфу, қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохун, Мемлекеттік кеңестің хатшысы У Чжэнлун, Шэн Ицинь және ҚХР Сыртқы істер министрі Цинь Ган да Мемлекеттік кеңестің мүшесі болып танылды.

Қытай Халық банкінің (Орталық банк) басшысы И Ган да өз қызметін сақтап қала алды. Қаржы министрі Лю Кунь де өз орнында қалды

.Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы Чжэн Шаньцзе болды.

Қорғаныс министрі Ли Шанфу болып жаңадан тағайындалғаны болмаса, жаңартылған Мемлекеттік кеңестің күштік құрылымдар блогы өзгеріссіз қалды: қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохун мен мемлекеттік қауіпсіздік министрі Чен Исин бұрынғы лауазымдарына қайта бекітілді. Азаматтық әкімшілік министрі лауазымы Тан Дэнцзе де өз орнында қалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: