Франция Үкіметінің жаңа құрамы бекітілді

Франция, Үкімет, жаңа құрамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2024 10:56 Сурет: wikipedia.org
Франция президенті әкімшілігінің басшысы Алекси Колер жаңадан жасақталған Үкімет құрамындағы министрлер тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, "Демократиялық қозғалыс" партиясының бұрынғы Еуропа істері жөніндегі министрі Жан-Ноэль Барро сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Ол Франция президенті Эммануэль Макронның ұсынысы бойынша ЕО-ның өркендеуі мен индустриялық стратегиясына жауапты Еурокомиссия төрағасының орынбасары болып тағайындалған "Ренессанс" президенттік партиясының мүшесі Стефан Сежурненің орнын басты.

Францияның Қарулы күштер министрі болып Себастьен Лекорню тағайындалды. Француз БАҚ атап өткендей, Қорғаныс министрлігі мен СІМ басшыларының лауазымдары, әдетте, бос тұратынын, оған Президент ұсынған кандидаттар тағайындалатынын жазады.

16 шілдеде Франция президенті Эммануэль Макрон Премьер-министр Габриэль Атталь басшылық еткен Үкімет отставкасын қабылдады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: