"Хабар" телеарнасында саяси партиялардың пікірсайысы басталды

Дебат, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2023 20:01 Сурет: googleusercontent.com
"Хабар" телеарнасында сағат 20-00-дегі Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттары сайлауы алдындағы саяси партиялардың пікірсайысы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар" телеарнасының тікелей студиясындағы call-орталыққа көрермендерден сұрақтар алдын ала келіп түсіп отыратынын, қойылатын сұрақтар кездейсоқ таңдалатынын айта кетелік. 

Пікірсайыстың бірінші раундында партиялар өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, өзара талқыға араласады. Екінші раундта пікірсайысқа қатысушыларға сайлаушылардан келіп түскен сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік беріледі.

Дебатқа қатысушылар: AMANAT саяси партиясының төрағасы Ерлан Қошанов, "Ауыл" партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев, "Respublica" партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров, Қазақстан Халық партиясының мүшесі Оксана Әубәкірова, "Байтақ" партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев, "Ақ Жол" партиясы төрағасы Азат Перуашев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы Нұрлан Әуесбаев.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: