Жаңалықтар тізбегі
0

Жигули Дайрабаев Жер кодексі туралы: "Мал бағам, егін егемін деген азаматтарға жер беру керек"

Сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2023 20:50 Сурет: Zakon.kz
Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттары сайлауы алдындағы саяси партиялардың пікірсайыс сессиясында "Ақ Жол" партиясы төрағасы Азат Перуашев "Ауыл" партиясының өкілінен Жер кодексіне байланысты жоспарларын сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сіздердің сайлауалды бағдарламаңызда партияның ауылшаруашылығы жерлерін халықтың пайдасына қайта бөлу мақсатында Жер кодексін қайта қарауды көздеп отырғаны айтылған. Бұл ретте Жер кодексінде ауылшауаршылығы жерлерін жалға да, жекеменшікке де берудің максималды шегін бұрын да, яғни сіздерге дейін қарастырылған. Осы орайда сіздердің бағдарлама кешігіп қалды ма әлде сіздер басқа мәселе жайында айтып отырсыздар ма?", - деді Азат Перуашев.


Жигули Дайрабаев жер мен ауыл шаруашылығы мәселесі күн тәртібінен ешқашан түспейтінін айтты. Дегенмен, оның сөзінше, уақыт өте келе Жер кодексінің кейбір баптарына өзгеріс енгізілуі мүмкін.

Уақыт деген күнде өзгеріп жатыр. Өзіңізге мәлім, бізде 2021 жылы республикалық Жер комитеті жұмыс істеді. Өздеріңіз де оған қатыстыңыздар. Енді одан бері қарай 1,5 жыл уақыт өтті. Қаңтар оқиғасынан соң қандай жағдай болғанын білесіз. Сондықтан жер мәселесін бүкіл Қазақстан бойынша шешіп қойдық деп айтуға болмайды. Уақыт өте келе Жер кодексінің кейбір баптарына өзгеріс енгізілуі мүмкін. Жигули Дайрабаев

Ол қазір ауылды жерлерде жайылым мәселесі ушығып тұрғанына алаңдаулы. Мысалы, жер телімі жетпейді, су тапшы, кезінде ауылдың төңірегіндегі жерді иемденіп алған азаматтар бар.


"Қолында билігі бар азаматтар жерді алып алған. Қазір Қазақстанда осындай ушығып тұрған мәселе бар. Сондықтан осы мәселенің барлығын жалғыз "Ауыл" партиясы қатырамыз деп айта алмаймыз. Ауыл шауаршылығы, жер мәселесіне осы жерде тұрған жеті партияның басшылары атсалыссаңыздар, жер мәселесін тәртіпке келтіруге болады деп ойлаймын. Мүмкіндік бар. Біз халыққа қызмет етуіміз керек. Ондай шешімді табуға болады. Бір де бір рет ауыл шаруашылығымен айналыспаған азаматтар болса, олар да жер телімінсіз қалмауы керек. Мал бағам, егін егемін десе, оларға мүмкіндік жасау керек. Бұл мәселе күн тәртібінен түспеуі керек", - деді Жигули Дайрабаев.


"Хабар" телеарнасында Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттары сайлауы алдындағы саяси партиялардың пікірсайысы болып жатыр.

Бүгінгі дебатқа қатысушылар:

  • AMANAT саяси партиясының төрағасы Ерлан Қошанов,
  • "Ауыл" партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев,
  • "Respublica" партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров,
  • Қазақстан Халық партиясының мүшесі Оксана Әубәкірова,
  • "Байтақ" партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев,
  • "Ақ Жол" партиясы төрағасы Азат Перуашев,
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы Нұрлан Әуесбаев.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: