Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев: аймақтар қуатты болса, бүкіл мемлекет өсіп-өркендейді

Тоқаев: аймақтар қуатты болса, бүкіл мемлекет өсіп-өркендейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2023 11:49 Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы аумақтық саясат жан-жақты ойластырылып жүргізілуге тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Аймақтар қуатты болса, бүкіл мемлекет өсіп-өркендейді. Сондықтан еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымы оңтайлы әрі тиімді болуы керек. Бұл – өте маңызды мәселе" деп есептейді мемлекет басшысы.

"Былтыр жаңадан Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары құрылғанын білесіздер. Бұл қадам осы аймақтарды тың қарқынмен дамытуға жол ашты. Біз аймақтар арасындағы экономикалық теңсіздікті азайту үшін тиімді шаралар қабылдауымыз керек. Осы ретте Үкімет әкімдермен бірлесіп, әрбір облыстың әлеуетін арттыруға тиіс". Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев әр аймақтың өзіне тән мүмкіндігін толық пайдалану қажет екенін айтты.


"Мен мұны бірнеше рет айттым. Сондай-ақ агломерацияларды дамыту мәселесіне баса назар аударған жөн. Үкімет осыған қатысты заңның мүлтіксіз орындалуын және жоспарланған жұмыстың тиімді атқарылуын қамтамасыз етуге тиіс".
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: