Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2020 23:00 Ақорда
Президент медицина қызметкерлеріне мемлекет жан-жақты көмек беретінін айтты.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Еліміздегі барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Ауырған жанды емдеу, өмірін сақтау – сіздердің қастерлі еңбектеріңіз"ғ деп жазды Президент Twitter-де.

"Бүгінде көпшілігіңіз пандемиямен күрестің алдыңғы шебінде жүрсіздер. Қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Аман болыңыздар! Мемлекет сіздерге жан-жақты көмек береді", деп тағы жазба жариялады желіде Мемлекет басшысы.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: