Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

медицина, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2023 09:06 Сурет: akorda
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы медицина қызметкері күніне орай Twitter-дегі парақшасында құттықтау жариялады.

"Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып, ел құрметіне бөленіп жүрсіздер. Ұлт саулығы – басты байлығымыз. Мемлекет денсаулық сақтау саласына әрдайым ерекше назар аударып, дәрігерлерге үнемі қолдау көрсетеді", - деп жазды Президент.

Еске салайық, бүгін – Медицина қызметкері күні. Бұл мереке маусым айының үшінші жексенбісінде тойланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: