Әлібек Қуантиров Ұлттық экономика министрі болып қызметінде қалды
Тиісті жарлық Ақордада жарияланды.
«Әлібек Сәкенұлы Қуантиров Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалсын», - делінген хабарламада.
Әлібек Қуантиров 1983 жылы 14 қарашада Гурьев (Атырау) қаласында дүниеге келген.
Томск мемлекеттік университетін «Қаржы және несие және лингвистика және мәдениетаралық коммуникация» мамандығы бойынша, Мичиган университетін «Болашақ» стипендиясы бойынша қолданбалы экономика магистрі дәрежесімен бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Халықаралық байланыстар департаменті Ішкі басқару департаментінің жетекші маманы болып бастады.
2006-2010 – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Экономикалық даму және сауда министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы.
2010 жылғы қарашада - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Стратегиялық даму басқармасының бастығы.
2010-2013 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бюджеттік саясат және жоспарлау департаменті және Бюджеттік жоспарлау және болжау департаменті директорының орынбасары.
2013 жылғы ақпан-маусым аралығында - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары.
2013-2019 – Стратегиялық зерттеулер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2019-2021 – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің бөлім меңгерушісінің орынбасары.
2021-2022 - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі.
Президент Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы Жарлығымен ол Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.