4 сәуірдегі түскі саудада доллар арзандады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,86 теңгеге төмендеп, 449,39 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, Алматы уақытымен 12:00-де 65,34 теңгені (+0,12) құрады.
Еуро бағамын Ұлттық банк белгілеген – 489,78 теңге, рубль – 5,78 теңге.
Ақша айырбастау орындарында доллар 447-451 теңгеден, еуро 488-496 теңгеден, ресей рублі 5,5-5,8 теңгеден сатылуда.
Мұнайдың қымбаттауы жалғасуда. Brent маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстерінің бағасы барреліне 0,44%-ға қымбаттап, 85,3 долларды құрады, WTI мамырдағы фьючерстері 0,45%-ға өсіп, 80,78 долларды құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript