Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада Қазақстан мен Оңтүстік Корея СІМ-дері арасында саяси консультациялар өтті

Сыртқы саясат, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2023 11:18 Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Корея Республикасының Сыртқы істер министрлігі арасындағы екіжақты саяси консультациялардың 12-ші отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш, кореялық делегацияны Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Чой Ёң Сам бастады.

Консультациялар барысында тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы Қазақстан-Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылап, халықаралық және өңірлік күн тәртіптегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шаралардың кестесіне ерекше назар аударылды.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар екіжақты әріптестікті одан әрі нығайту мақсатында сыртқы істер министрліктері арасындағы тығыз диалогты жалғастыруға келісті.

Корея Республикасы – Қазақстанның негізгі экономикалық серіктестерінің бірі. 2022 жылы екіжақты тауар айналымы 6,1 млрд АҚШ долларын құрады. Сол уақыт аралығында Корея Республикасы Қазақстан экономикасына шамамен 1,5 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйып, бұл екіжақты қарым-қатынаста бұрын соңды болмаған рекордтық көрсеткішке ие болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: