Президент: Тұрғын үйге Меншік иелері бірлестігін енгіземіз деп үлкен қате жасадық

Қасым-Жомарт Тоқаев, кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2023 12:04 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Тұрғын үйге Меншік иелері бірлестігін енгіземіз деп үлкен қате жасадық деді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қоғамда тұрғын үй қорын тиімді басқару мәселесі де қызу талқыланып жатыр. Меншік иелері бірлестігін (МИБ) енгізуге бағытталған реформа аяқталмады. МИБ пен бірге ПИК әлі де жұмыс істейді. Біз осы МИБ реформасын енгіземіз деп үлкен қате жасадық. Мұндай жағдайда халыққа сапалы әрі ашық қызмет көрсету басты міндет орындалмай отыр. Сонымен бірге бұл реформа жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде бірінші кезеңді құруды көздеді. Сондықтан бұл тапсырманы тиісті назарсыз қалдыруға болмайды. Жалпы, теңгерімді инфрақұрылымдық саясат қажет". Мемдекет басшысы

"Тағы бір мәселе – қалаларды абаттандыру. Бұл мәселемен барлық деңгейдегі әкімдер айналысуы керек. Өңірлердің даму деңгейі әлеуметтік-экономикалық факторлармен қатар ғимараттардың сыртқы түрімен, олардың санитарлық нормаларға сәйкестігімен, аумақтарды абаттандырумен, қоғамдық кеңістіктің жай-күйімен, балалар спорт алаңдарының болуымен, сонымен бірге аумақтарды абаттандырумен айқындалады".


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: