Мемлекет басшысы "2050 стратегиясын" жаңартуды тапсырды
Сурет: primeminister.kz
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 19 сәуірде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте жаңа Ұлттық даму жоспарын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының сөзінше, қазір мемлекеттік жоспарлау жүйесінде 163 құжат бар. Оның әрқайсы орташа алғанда 40 іс-шараны қамтиды.
"2010 жылдан бері созылып келе жатқан тапсырмалар бар. Тапсырмалардың өзектігін қайтадан мұқият қарау қажет. Қағазбастылық керек емес", - деді президент.
Ол кейінгі кездегі жаһандық үрдістерді ескеріп, "2050 Стратегиясын" жаңартуды тапсырғанын айтты.
"Мен кейінгі кездегі жаһандық үрдістерді ескеріп, 2050 стратегиясын жаңартуды тапсырдым. Бұл ұзақ мерзімге арналған құжат болуға тиіс. Онда әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси даму жолындағы негізгі басымдықтар айқындалуы керек. 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары өзектілігін жоғалтты деп ойлаймын. Сол себепті жаңа құжат әзірлеу қажет. Онда еліміздің орта мерзімге арналған мақсат-міндеттері нақты белгіленуге тиіс". Қасым-Жомарт Тоқаев
Тоқаевтың сөзінше, бұл құжат мемлекетімізді дамытуға қатысты барлық мәселені қамтуы қажет. Сайлау алдындағы бағдарламам да ескерілуі керек. Оған мәжіліс сайлауында жеңіске жеткен «Аманат» партиясы бағдарламасының негізгі тұстарын қосқан жөн деп қосты ол.
"Басқа партиялардың орынды ұсыныстарына да баса мән берген абзал".Тоқаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript