Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев тапсырма мүлтіксіз әрі уақытылы орындалмаса, салдары ауыр болатынын айтты

Тоқаев тапсырма мүлтіксіз әрі уақытылы орындалмаса, салдары ауыр болатынын айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2023 12:40 Сурет: akorda.kz
Президенттің пікірінше, қазір – ерекше тарихи кезең. Ғылым мен технология ғана емес, қоғамдық қатынастар да түбегейлі өзгеріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мемлекеттердің даму бағдары және басымдықтары басқаша сипат алды. Мұндай кезде батыл әрі жылдам әрекет жасау қажет.

"Арқаны кеңге салып отыруға уақыт жоқ. Жүктелген міндеттерді орындау үшін дереу іске кірісу керек. Тапсырмалар мүлтіксіз және уақытылы орындалуға тиіс. Әйтпесе, салдары ауыр болады. Реформалардың нәтижесін әрбір азамат нақты сезінуі қажет. Алдағы жұмыстың басты өлшемі – осы! Баршаңызға табыс тілеймін!"Қасым-Жомарт Тоқаев

Сонымен қатар ол ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тың тәсілдері қажет, сол үшін тиісті стратегияны заман талабына сай қайта қарау керек екенін қоса кетті. 


"Сыртқы саясат тұжырымдамасы да жаңартылуға тиіс. Бұл құжат мүлде басқа геосаяси жағдайда қабылданған. Қазір көп нәрсе өзгерді. Яғни, ішкі қауіпсіздікті сақтау, қорғаныс қабілетін күшейту, Қазақстанның және бүкіл Орталық Азия аймағының халықаралық деңгейдегі беделін арттыру мәселелері басты назарда болуы керек".Мемлекет басшысы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: