Жаңалықтар тізбегі
0

Ресеймен шекарадағы күзет күшейтіле ме

Ресей-Қазақстан шекарасы, Шекара қызметі, Қызылжар, Петропавл, шекара, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2023 15:04 Сурет: gov.kz
Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов 20 сәуірде Сенаттың кулуарында ресейлік БАҚ-тың Петропавл атауын Қызылжар деп өзгерту туралы ұсынысқа реакциясынан кейін "Қазақстан – Ресей шекарасындағы күзет күшейтіле ме?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлан Алдажұманов Қазақстан – Ресей шекарасы – әлемдегі құрлықтағы ең ұзын  мемлекеттік шекара екенін айтты. Оның ұзындығы 7,5 мың км.

"Біз оны қалыпты форматта күзетеміз", – деді ол.

Жалпы, оның айтуынша, оны тұрақты түрде күшейтіп отыруға Шекара қызметінің штатындағы күш пен қаражат жетіспейді.

"Бізде күшейту керек басым бағыттар бар. Бұзушылықтар мен контрабандаға байланыты мемлекеттік шекарада болуы мүмкін проблемаларға келер болсақ, қазір қырғыз бағыты басты назарда. Сондықтан біз сол жақты күшейтеміз. Қандай да бір жағдай орын алса, бізде қажет бағытты жабатын резервтер бар. Негізінен, біздің мемлекеттік шекарамыздың кез келген бағытын жбатын резервтер бар", – деп түйіндеді ойын Қазақстан Шекара қызметінің басшысы.

Жалпы, ол келтірген дерек бойынша, жыл басынан бері Қазақстанның мемлекеттік шекарасында барлық бағыт бойынша 4,5 мың бұзушылық анықталды.

2023 жылғы 30 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті сепаратизм фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қылмыстық істің жиналған материалдары негізінде "Халық кеесінің" үш мүшесінің әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 180-бабы 2-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату және Қылмыстық кодекстің 179-бабы бойынша мемлекеттің қауіпсіздігін ыдыратуды үгіттеу бойынша сарапталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: